Қарқынды өсім, мол өнім

838

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Сырдария ауданының әкімі Талғат Дүйсебаевтың қатысуымен брифинг өтті. Онда аудан әкімі ҚР Президенті Жолдауынан туындайтын міндеттер мен алдағы жоспарлар, ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Биыл Сырдария ауданы экономикасына  23 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған. Көрсеткіш 47,8 про­центті құ­рап, 6 млрд теңгенің құ­рылыс жұмыстары атқарылды. Жыл басынан бері халықтың өз есе­бінен 11,4 мың шаршы метр тұр­ғын үй са­лынып, өткен жыл­мен са­лыс­тырғанда 0,1%-ке өсіп отыр.

– Елімізде қалыптасқан күр­делі жағдайларға қарамастан аудан эко­номикасы қалыпты дамуда. Осы жылға межеленген индикаторлар мен мак­ро­экономикалық көр­сет­кіштер орындалу үстінде. Өнер­кәсіп саласы бойынша ауданның өн­діріс орындары 2,8 млрд тең­генің өнімін өндіріп, өткен жылға қарағанда өнім көлемі 77,2 процентке ұлғайып отыр. Ал есепті мерзімде өңдеу саласында өнім өндіру 73,4 процентке  (2,3 млрд теңге) артса, ауыл шаруашылығы бойынша 9,7 млрд теңгенің өні­мі өндіріліп, өткен жылдан 2,5 процентке өсті, – деді аудан басшысы.

Биыл аудан диқандары 33,1 мың гектарға егін екті. Оның ішінде, негізгі дақыл – күріш  21,1 мың гектар. Орта есеп­пен гек­тарынан 63,5 цент­нерден өнім алы­нып, қамбаға 134,2 мың тонна Сыр маржаны жиналды. Бұл – жақсы көрсеткіш. Дегенмен, су тап­­­шылығына байланысты алда­ғы жылы шаруалар өзге дақыл­дарды да егуді қолға алмақ.

– Соңғы жылдары Сыр өңі­рінде су тапшылығы орын алуда. Осыған байланысты алдағы уақытта майлы дақылдар, көк­көкөніс-бақша және мал азығы дақылдарына ба­сымдық беретін боламыз. Мәселен, Іңкәрдария ауылында 5-10 гектар жерге заманауи технологияларды пайдаланып, бақша дақылдары тұ­қымын өсіру, өндіру жоспары­мызда бар. Осыған сәйкес, аудандық бюджеттен 2,4 млн теңге қаржы бөлініп, 18,5 гектар жер учаскесі аграрлық ин­­дустриялдық аймақ болып бел­­гіленді, – деді Талғат Тұрсынұлы.

Мұнан бөлек, мал шаруашы­лы­ғы саласында да өсім бар. «Сы­баға» бағдарламасы бо­йынша «Аг­рарлық несие корпорациясы» АҚ филиалы арқылы жыл аяғына дейін  140 млн теңгеге 234 бас ірі қара алынбақ. Сондай-ақ, Бесарық ауылдық округінде «Абай Дау­лет» ЖШС-ның құны 300 млн тең­гені құрайтын, қуаттылығы 5000 бас аналық қой, 10000 бас қозы бор­­дақылайтын алаңы жұмыс істеуде.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту  жаңа жұмыс орындарын ашу мен қоғамдық саяси ахуалдың тұ­рақ­тылығын қамтамасыз ете­ді. Осы ретте ауданда 2515 ша­ғын және орта кәсіпкерлік субъектісі тір­келсе,  жұмыс іс­тейтін субъектілердің саны 2278 бірлікке жетіп, 9,5 процент­ке өскен. Жыл басынан бері кәсіпкерлікті қолдаудың барлық бағдарламалары бо­йынша 952,3 млн теңгенің 403 жобасы қар­жыландырылып, 414 жұмыс орны құрылды.  Ал аудан  бойынша  өңдеу  өнеркәсібінде  28  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  субъектісі  жұмыс  істейді. Оның  ішінде  6-ы  құрылыс  материалдарын  шы­ға­ру­мен, 9-ы күріш өндірумен, 4-і  жеңіл  өнеркәсіп саласымен айна­лысса, 9-ы  өзге салаларды  қам­тиды.  Сонымен қатар, қыш  өн­дірумен  6 кә­сіпорын айна­лысуда. Жыл аяғына дейін  құны 237 млн теңге құрайтын «Құрама  жем  шығару  зауыты» мен  «Ұн  өндіру»  және «Шаған  агрофуд» ЖШС-ның  «Ет өңдеу» цехы іске қосылады. Алдағы жылы құны 233 млн теңге құ­райтын 6 ірі  жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Ауданда таза ауызсу мә­селесі де оң шешімін тапқан. Осы уақыт­қа дейін Жетікөл ауылында су сағаттап беріліп келсе, оған  «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 144 млн теңге  көлемінде қаржы бөлінді.

Өткен жылы Тереңөзек кен­­тін көгілдір отынмен қам­ту жұмыстары басталған бо­ла­тын. Бүгінде жоғары және орта қысымдағы жерасты газ құ­бырлары толық жүргі­зіл­ген. Жоспарланған 6 дана газды басқару пункттері (ГРП) және 1497  дана  газды бас­қару шкаф­тары орнатылды. Осы орайда жергілікті бюджет есебінен 13 нысан, оның ішін­де 9 әлеуметтік нысан қазан­дықтары газға бе­йімделді.

Жұмыстарды облыстық энер­­­гетика және тұрғын үй-ком­му­нал­дық шаруашылық бас­қар­масы қабылдап, «Қызыл­орда газ тарату жүйесі» ком­­му­налдық мем­­лекеттік кә­сіп­орнына өткізеді. Кә­сіпорын тұр­ғын үйлерге және ғима­рат­тарға газды қосуға рұқсат беру, газ құбырлары мен қон­дыр­ғыларын күтіп-ұстау және ава­риялық қыз­меттерді атқаратын болады. Бү­гінде мекемеде 3 маман бар. Ал­дағы уақытта газ пайдаланушы абоненттердің көлеміне қарай 15 маманға дейін қызмет көрсететін болады. Тұрғын үйлерге газ кіргізу қызметтерін «КазЭнергоПроектСтрой» ЖШС және 4 кәсіпкер атқа­руда. Қазір 193 тұрғын жай газдандыруға бейімделген. Жыл аяғына кент тұрғындары газды пайдалана бастайды, – деді аудан әкімі Т.Дүйсебаев.

Жиын барысында аудан әкімі денсаулық, білім, мәде­ниет, спорт, әлеуметтік салаға да шолу жасады. Қай салада болмасын өсім мен өзгеріс, алға жылжу бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<