Қарсыласын нокаутпен жеңді

901

0

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (14-0, 9КО) Болтондағы бокс кешінде өнер көрсетті деп хабарлады turkystan.kz Кazproboxing парақшасына сілтеме жасап.

Ол аргентиналық Реукен Факундо Арсемен (15-9-2, 7 КО) жекпе-жек өткізді. Екінші жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа есептелген, бірақ Зәуірбек бесінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша қазақстандық спортшы кәсіпқой рингтегі он төртінші жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, Сұлтан Зәуірбектің бұған дейінгі жекпе-жегі 2022 жылы 15 сәуірде Лондонда өтіп, ол Николас Ботеллиді (14-8, 8 КО) нокаутқа түсірген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<