Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінде «Қаржылық есептілік аудитінің мақсаты» тақырыбында семинар өткізді. Семинарда қаржылық есептілік аудитінің мәні мен маңызы, оның негізгі мақсаттары мен міндеттері жан-жақты талқыланды.
Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілігіне және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жыл сайынғы аудит жүргізеді.
Қаржы жағдайы, қаржы жағдайындағы өзгерістер мен қызмет нәтижелері туралы толық және анық ақпарат беру – бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты.
Мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілікті жасау үшін нұсқаулық құжаттармен қамтамасыз етуді бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.
Ведомство және оның аумақтық бөлімшелері қаржылық есептілік аудиті мемлекеттік аудит объектісі қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай- күйінің анықтығын, негізділігін бағалайды.
Қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепте жоғары деңгейлі сенімділік және аудит барысында алынған дәлелдемелерді негізге ала отырып, қаржылық есептілік бойынша нақты білдірілген пікір болуға тиіс.
Нұрсұлтан СҰЛТАНБЕКОВ,
Қызылорда облысы бойынша
ішкі мемлекеттік аудит департаменті
қаржылық есептілік аудиті
бөлімінің бас маманы





