Қауіпсіздік қаперден шықпасын!

717

0

Тұрғын үй мен пәтердегі өрт көбіне үй иесінің салғырттығынан болып жатады. Оқыс оқиға қайғыға душар қылып, бар жиған-тергеніңді бір күнде жоқ қылады. Сондықтан оның алдын алу маңызды. Бұл ретте тиісті жұмыстар жүргізілуде. Өңірде жыл басынан бері өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында 813 нысан тексерілген. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев айтты.

– Тексеру барысында 2029 бұзушылық анықталды, яғни өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзған жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды. Нұсқама талаптарын орындамаған мекемелерге 25 хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жолданды. Оның 20-ына айыппұл салынды. Бесеуінің ісі сот қарауында, – деді С.Молдақараев.

Сондай-ақ, департамент қызметкерлері 69 192 тұрғын үй секторына өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Спикердің айтуынша, тұрғын үй мен пәтерлерде өрттің шығуына негізгі себептер – тұрмыстық электр және газ құралдарын пайдалану кезінде пештердің дұрыс орнатылмауы мен қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы, мас күйінде темекі тарту.

М.СНАДИНҚЫЗЫ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<