Қаулыда қандай өзгеріс бар?

744

0

«Қазақстан Республикасының Денсаулық  сақтау министрлігі  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің қаулысы

«11»  қараша  2020 жыл  №26  Қызылорда қаласы

Қызылорда облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 31 қазан 2020 жылғы «Қызылорда облысы бойынша  шектеу, оның ішінде карантиндік шаралары туралы» №25 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Рес­пуб­ли­касының 2020 жылғы 7 шіл­­дедегі Кодексінің 104-ба­бы­ның 2-тармақшасына сәй­кес Қызылорда облысы халқы арасында COVID-19  ко­ро­навирустық инфек­ция­­сының (бұдан әрі – COVID-19) тара­луының алдын алу мақ­сатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 31 қазан 2020 жылғы «Қызылорда облысы бойынша  шектеу, оның ішінде карантиндік шаралары туралы»  №25  Қаулысына  келесі  өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 2 тармақтың 3) және 15) тармақшалары алынып тасталсын;

2) 2 тармақтың 5) тармақ­шасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) театрлардың қызметі, залды 50%-ға дейін толтырып, бірақ залда 100 адамнан асырмай, infokazakhstan.kz порталында тіркеліп, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтап»;

3) 3 тармақ 4) және 5) тармақшаларымен толық­ты­рыл­сын:

«4) 2020-2021 оқу жылының екінші тоқсанынан бастап:

– контингенті 300 оқушыға дейін, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға;

– ата-аналардың өтініші бойынша сыныптардың жи­нақталуын 15 баладан асырмай сақтай отырып, жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныптан 5 сынып бойынша, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқытуды;

5) ҚР БМСД №57 Қау­лысының талаптарын сақтай отырып, санитариялық-де­зин­­­фекциялық режимі кү­шей­тілген залды 30%-ға дейін тол­тырып, бірақ 100 адамнан асырмай, діни объектілерде, жұма намазын қоспағанда, мешіттерде (бес намаз) ұжым­дық құдайға құлшылық етуді жүргізуді.».

2. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қал­дырамын.

3. Осы Қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

А.Абдикаимова

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<