Қазалыда медресе ашылды

665

0

Кеше Қазалы ауданында орталық мешіт жанынан жаңа медресе ашылды. Медресенің ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы келіп, көпшіліктің қуанышын бөлісті. Игі іс-шарада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтап өз тілегін жеткізді.

Медресеге ұлт-азаттық көтерілістің даңқты қолбасшысы Жанқожа Нұрмұхамедұлының есімі берілді. Салтанатты жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов ілімге бет бұрған жастарға бата беріп, ізгілік үйі барша қазалылықтардың жұдырықтай жұмылуының арқасында салынғанын тілге тиек етті.

Одан әрі «Жыршылар дінді жырлайды» атты жыршылар фестивалі мен қазақ күресі, қол күрес, кір тасын көтеруден жарыс ұйымдастырылды. Ал Жанқожа батыр атындағы мешіттің бас имамы Берік қажы Сүлейменов пен медресенің салынуына белсенді атсалысқан азаматтарды аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ, «Ел үлесі пәтерге» жобасы бойынша Шәкен ауылындағы мешіттің имамына үйдің кілті табысталды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<