Қазалыда шағын бетон зауыты ашылды

365

0

Кәсіпкерлігі кең өркен жайған Қазалы ауданында тағы бір нысан іске қосылды. Жеке кәсіпкер Рүстем Мәмбетжанов өзінің қаражаты есебінен шағын бетон зауытын ашып, көпшілікті қуантты.

Жаңа нысанның ашылуына аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қатысты. Бетон зауытының жұмысымен танысқан аудан басшысы кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі.

Әйтеке би кентінен ашылғанзауыт заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жеке кәсіпкер бетон шығаратын автоматтандырылған аппаратты Қытайдан арнайы алдыртқан.Одан бөлек, қосымша техникалары да бар.

Аудан орталығындағы индустриялық аймақта орналасқан зауыт сағатына 20 текше метр бетон шығарады. Қазіргі таңда мұнда 5 адам жұмыспен қамтылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<