Қазалыда жыл үздіктері марапатталды

1729

0

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында 2020 жылды қорытындылауға арналған жиын өтіп, үздіктер марапатталды.

Басқосуға Қазалы ауданының өсіп-өркендеуіне үлес қосқан азаматтар мен әр саланың мамандары қатысты.
Жылды қорытындылауға арналған жиында 2020 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жылы қолға алынатын жобалар туралы сөз болды.


– Өздеріңіз білесіздер, биылғы жылдың қиыншылықтарына қарамастан ауданда көптеген жұмыстар атқарылды. Әр салада қол жеткізген жетістіктерімізді келесі жылы да жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Ол үшін жобалар дайындап, қаржы бөлдіруге қол жеткіздік. Бұл қаржыға алдымен биыл құрылысы басталған жұмыстарды жалғастыратын боламыз.
Келесі жылы осыдан 3 жыл бұрын басталған Кәукей ауылына баратын автомобиль жолын аяқтаймыз. Сонымен қатар, «Қарлаң» мен Қожабақы елді мекені, Қазалы қаласы мен «Әлсейіт» көпіріне дейінгі аралындағы жолдарды да жөндеп бітіреміз, – деді аудан әкімі Мұрат Ергешбаев.


Мұнан соң аудан әкімі салтанатты жиынға қатысушыларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, марапаттау рәсімін жасады.


Босқосуда медицина саласының ардагері Сержан Берден, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері Раймбек Баекеев, Есенкелді Мали, Қожаназаров, Нұрлан, су шаруашылығы саласының ардагері Қуандық Санаев, мәдениет саласының ардагері Орақ Баубек, «ЮгГазПроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жылқайдар Тәңірбергенов, теміржол саласының ардагері Жақсылық Көрпебай, еңбек ардагері Әбсұлтанов Байғабыл, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Байкөбеков Алғашбай, республикалық арнайы экономикалық аймақ басшысы Көпбосынов Нұрлан, «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мамбетжан Қасқырбек, ҚР Ішкі Істер Министрлігі Медиа орталығының бас директоры Жарылқағанов Әлімжан, «Сыр бойы», «Халық» газеттерінің Қазалы, Арал ауданындағы меншікті тілшісі Табынбаев Жұмабек «Қазалы ауданының құрметті азаматы» атанды.


Ал, Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазалы ауданының құрметті азаматы Оразғали Бекбановқа Қызылорда облысының Құрмет грамотасы, білім саласының ардагері, Қазалы аудандық білім беру саласының ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы Серік Қуанышбай Қазалы ауданының Құрмет грамотасымен марапатталды.


Сонымен қатар, бірқатар сала үздіктеріне «Жыл демеушісі», «Жылдың үздік журналисі», «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі», «Жылдың үздік кәсіпкері», «Жылдың үздік сақшысы», «Жылдың үздік құрылысшысы», «Үздік ауылшаруашылық қызметкері», «Жылдың үздік ұстазы», «Үздік мәдениет қызметкері», «Жылдың үздік спортшысы» номинациялары табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<