Қазалылық 15 оқушы «Мың бала» ұлттық олимпиадасының жеңімпазы атанды

1003

0

Қазалылық 15 оқушы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының «Ел үміті» жобасы негізінде өткізілген «Мың бала» Ұлттық олимпиадасының жеңімпазы атанды.

Республикалық білім сайысында жеңімпаз атанған шәкірттерді аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай құттықтап, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атынан ноутбук табыстады.

Айта кетейік, Ұлттық олимпиада нәтижесімен жеңіске жеткен ауданның 15 оқушысы, оның ішінде №170 орта мектепте білім алған Дарханұлы Ерасыл қазіргі таңда республикалық физика-математика мектебінің оқушысы атанып, облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың қабылдауына қатысса, қалған 14 оқушы аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Бақтығалиұлының қабылдауында болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<