Қазалылықтар Наурыз мейрамын тойлады

341

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Бүгін Қазалы қаласының халқы Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесін тойлауда. Жұртшылық орталық алаңға ерте бастан жиналып, бауырсақ пен наурыз көжеден дәм татты. Түрлі тақырыптағы киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорттан жарыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ қала өнерпаздары көрініс қойып, ән шырқап, би биледі.

Мерекелік шараға аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет арнайы барып, қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар Қазалы қаласының өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар мен ұжымдарды «Алғыс хатпен» марапаттап, шынайы ризашылығын жеткізді.

Мерекелік шаралар барысында аудан әкімі мен бірқатар зиялы қауым өкілдері және ардагерлер кішкентай бүлдіршіндердің тұсау кесу рәсіміне қатысып, бүлдіршіндерге ақ жол тіледі.

Ұлыс ұлы күніне арналған шара соңы қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, жиылған көпшілік мерекелік көңіл-күйді сезінді.

©Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<