Қазалының әкімі көшелерді аралады

482

0

Ондағы мақсаты Әйтеке кентіндегі күрделі мәселелердің бірі – жаяу жүргіншілер жолын көру. Себебі тұрғындар аудан әкімі Мұхтар Оразбаевпен кездесуде осы мәселені жи көтереді. Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров  аудан басшысының тапсырмасына орай бірнеше көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу үшін жоба дайындаған.

Мәселен, аудан орталығының 5 кварталаймағындағы Қорқыт ата мен М.Дулатов көшелерімен оқушылар жаңадан салынған №276 мектепке қатынайды. Сондай-ақ, биыл тротуар салуға ұсынылған жолдардың қатарындаТ.Бөріқұлақов, Қ.Сәтбаев, Т.Бокин, Р.Сабырбаев көшелері де бар.

Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров аудан басшысына тротуарлар салынатын көшелерді көрсетіп, қажетті қаржы көлемімен таныстырды.

Аудан орталығын аралау барысында Мұхтар Әуесұлы Әйтеке би кентіндегі Қартақов көшесіне гравий тас төсеу үшін қажетті қаржы көлемін есептеп, ұсыныс беруді тапсырды.

Сондай-ақ, Қ.Сәтбаев көшесіне салынған жаттығу алаңының құрылысын көріп, қосымша атқарылатын жұмыстарды сапалы етіп жасау қажеттігін айтты.

Гүлбану МАҚАЖАН, «Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<