Қазақстан Францияға жылқы етін экспорттамақ

326

0

Фото: Kazinform

Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанның Ақордадағы кездесуі алдында франциялық делегациямен өткен келіссөздің кейбір тұстарына тоқталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

«Кеше француздармен жылқы етін экспорттау жөнінде әңгімелестік. Өйткені Франция – жылқы етін тұтынатын ел. Қазір бізде 32 жеткізуші Жапонияға жылқы етін апарып жүр. Енді Францияға жеткізілім көлемін арттыру керек. Кеше француз делегациясына жылқы етінен дәм татқыздық. Оларға ұнағандай болды», – деді вице-премьер.

Вице-премьердің айтуынша, елімізде жылқы етінің өндірісі қарқын алып келеді.

«Етті жылқы тұқымдары негізінен батыста – Көшім және Мұғалжар нәсілдері. Қазір тәжірибелік стансалар базасында Ақтөбеде мал шаруашылығы институтының жеке филиалын ашпақшымыз. Ол филиал тек жылқы шаруашылығымен айналысады», – деді Серік Жұманғарин.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<