Қазақстан өнерпаздары «Театр барысын» анықтайды

756

0

Фото: ашық дереккөз

Театр және кино актері, «Өнер барысы» турнирінің үш мәрте жеңімпазы Асылхан Төлеповтың ұйымдастыруымен 28 наурыз күні Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында «Театр барысы» республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Турнирге қатысуға республика өңірлерінен 48 актер тіркелген. Турнирдің мақсаты – Қазақстанның театрларында ұлттық спортты дамытып, қазақ күресін кеңінен дәріптеу, сондай-ақ театр кеңістігіндегі актерлердің өнер мен спорттағы шығармашылық әрі әріптестік байланысын нығайту.

  • Турнирдің өтетін орны: Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы.
  • Уақыты: 28 наурыз, сағат 16:00.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<