Карантин тағы жеңілдетіледі

817

0

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссия отырысында нысандардың қызметін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі шектеу шаралары ел бойынша COVID-19 инфекциясын 10 есеге, жедел жәрдемді шақыру санын 4,2 есеге, ауруханада жатқандардың санын 80 пайызға төмендетуге мүмкіндік бергенін, ал мобильді бригадалар саны 7,6 есеге артқанын хабарлады.

Қолжеткізілген оң әсерді ескере отырып, ведомствоаралық комиссия биыл 31 тамыздан бастап келесі нысандардың қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдады:

діни объектілер (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді);

бассейндер (жеке форматта, 1 келушіге 5 ш. м. су беті есебінен, алдын ала жазылу арқылы);

жаттығу залдары (1 келушіге 5 ш. м. дейін, алдын ала жазылу арқылы); спорт кешендері (1 келушіге 5 ш. м. дейін жеке және топтық жаттығулар үшін);

мәдениет нысандары (1 келушіге 5 шаршы метрге дейін, толымдылығы 50%-дан аспайды, оның ішінде кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 30 адамға дейін ұжымдық дайындықтар, үзілістерде бөлмелерді желдету, бетперде тағу);

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және т. б. (жеке және ұйымдасқан топтар үшін 15 адамнан аспайтын, әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, кемінде 2 метр, бетперде тағу);

қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электр пойыздарының, қалааралық, облысішілік автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына рұқсат беріледі.

«Барлық нысандар тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін ғана жұмысқа кірісуге рұқсат беріледі. Өңірлердің әкімдіктері денсаулық сақтау министрлігі, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, қоғам белсенділерін тарта отырып, енгізілетін нысандардың барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтауын қамтамасыз етуі қажет», – деді Тоғжанов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<