Қазақстанда ПТР тестілеу ақысы 22 пайызға арзандайды

371

0

Қазақстанда коронавирусты анықтайтын ПТР тестен өту ақысы арзандайды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, мамандарды даярлау арқылы отандық зертханалардың қуатын тәулігіне 63 мың зерттеуге дейін жеткізу көзделген. «Шығын материалдары бағасының нарықта арзандауына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі ПТР-тест тарифін 22 пайызға дейін арзандату бойынша ұсыныс әзірледі. Сонымен қатар жеке қорғаныс құралдары мен тест-жүйе арзандады. Ұсыныс мақұлданса, осы айдың соңына дейін тариф бекітіледі», – деді Алексей Цой.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз