Қазақстандық боксшылар Страндж кубогіне қатысады

426

0

Фото: ашық дереккөз

Бүгін Болгария астанасы София қаласында бокстан Страндж кубогі жалауын көтереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған жарыста қазақстандық 13 былғары қолғап шебері ел намысын қорғайды. Олардың қатарында Асланбек Шымбергенов, Нұрқанат Райыс, Бекзад Нұрдәулетов, Қамшыбек Қоңқабаев сынды тәжірибелі спортшылар бар.

Қазақстан құрамасының аталған турнирге қатысатын толық тізімі төмендегіше:

Ернұр Қайрат (48 келі)

Кенже Мұратұлы (51 келі)

Бекзат Алдамжаров (54 келі)

Оразбек Асылқұлов (57 келі)

Ерасыл Таңқай (60 келі)

Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі)

Темірхан Тезек (67 келі)

Асланбек Шымбергенов (71 келі)

Нұрқанат Райыс (75 келі)

Бекзад Нұрдәулетов (80 келі)

Бекзат Таңатаров (86 келі)

Абзал Құттыбеков (92 келі)

Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары).

Халықаралық турнир 19-27 ақпан аралығында өткізіледі.

Былғары қолғап бәсекесі 1950 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Аталған турнир 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңі саналады.

Былтыр аталған турнирде қазақстандық боксшылар 17 медальмен (4 алтын, 4 күміс, 9 қола) жалпыкомандалық есепте екінші орын алған еді.

Еске салсақ, Жанқош Тұраров әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек өткізеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<