Қазақстандықтар қаңтар айында 13 күн демалады

661

0

Қазақстандықтар 2021 жылдың қаңтар айында демалыс және мереке күндерін қоса есептегенде 13 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа жыл мерекесі 1 және 2 қаңтарға cәйкес келеді. Яғни, осы екі күн барлық қазақстандықтан үшін демалыс. Әйтсе де 2 қаңтар сенбіге келетіндіктен, демалыс 4 қаңтарға дейін ұзарғалы тұр. Яғни 2021 жылдың 1-4 қаңтары аралығы демалыс. 7 қаңтар Рождество мерекесіне сай келгендіктен қазақстандықтар ол күні де демалады. Осылайша 2021 жылдың алғашқы жетісі демалысқа толы апта болғалы тұр.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstandyktar-kantar-ayynda-13-kun-demalady_a3731796

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз