Қазақстанға Ресейден «Спутник V» вакцинасының қосымша 4 млн дозасы жеткізілетін болды

626

0

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті, деп хабарланды Ведомствоаралық комиссияның Telegram-дағы каналында.

Келіссөздер барысында Қазақстанға «Спутник V» коронавирусқа қарсы вакцинасының қосымша 4 млн дозасын жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Кездесу барысында COVID-19 таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикалары үшін пандемияның салдарын жою бойынша бірлескен шараларға ерекше назар аударылды. «Вирустың таралуын жеңу үшін біздің елдеріміздің күш–жігерін, оның ішінде халықты жаппай вакцинациялау мәселелерінде үйлестірудің жоғары деңгейі қажет», – деп атап өтті Асқар Мамин.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<