Қоғамдық кеңес қызметі жандана түсті

578

0

Облыстық қоғамдық кеңес мүшелері халықтың атқарушы органдарға өтініші мен талабын жеткізуде өз міндетін жоғары деңгейде атқарып келеді. Бүгінгі күнге дейін көптеген түйткілді мәселелердің оң шешім табуына үлкен үлес қосты. Бұл жөнінде облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Бақытжан Сайлыбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте кеңінен айтып берді.

Өңірде кездесіп отырған кейбір мәселелер бойынша кеңес мүшелері елмен жүздесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдауға назар аударып отыр. Сол тақырыптарды атқарушы органдарға жеткізіп, олардың оңтайлы шешілуіне көңіл бөледі. Кезінде кеткен олқылық салдарынан Байқоңырдағы қазақ мектептері ресейлік оқу стандарты бойынша білім беруге мәжбүр болды. Бүгінде бұл мәселе оңтайлы шешімін тапты.

Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтар жиналатын полигон проблемасы ұзақ жылдан бері өзекті тақырыпқа айналды. Қазіргі таңда ол үшін жаңа орын белгіленді. Десе де, ескісін көму мәселесі  толық шешіле қойған жоқ. Сондай-ақ, облыс орталығында кейбір мектептерде оқушы санының артық болу жағдайы кездеседі. Қалада адамдар саны артып, жаңа тұрғын аудандары пайда болды. Дегенмен, бұл аумақтарда жаңа мектептер салу өзекті мәселенің бірі саналады.

Елімізде қатерлі індеттен қорғану мақсатында білім саласы қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Бұл орайда интернет жетімсіздігі алдыңғы кезекте тұрады. Өңірде 11 елді мекенге интернет тарту қиын тиіп тұрған жайы бар.

Облыстық қоғамдық кеңес мүшелері осындай мәселелер бойынша елмен жүздесіп, олардың өтініш-талаптарын тыңдады. Олардың  оңтайлы шешілуін басты назарда ұстайтын болады.\

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<