Қос азаматтығы бар қызылордалық жауапкершілікке тартылды

451

0

Фото: kyzylorda-news.kz

Жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша ҚР көші-қон заңнамасын бұзған 78 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде сот шешімі бойынша 6 шетелдік елден тысқары шығарылды, – деп хабарлайды Kyzylorda-news ақпараттық агенттігі.

Қос азаматтығы бар 1 тұлға анықталып, оған қатысты тиісті шара қабылданды. 

«Қызылорда қаласы көші-қон бөлімінің қызметкерлері тексеру барысында Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған құқық бұзушыны анықтады. Ресей Федерациясының 40 жастағы азаматшасына қатысты ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен бұл азаматша 516 880 теңге көлеміндегі әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<