Құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүргізілді

412

0

Қызылорда станциясындағы  желілік полиция бөлімі Шиелі станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен қызмет атқару аймағында ағымдағы жылдың 24  тамыз күнінен бастап «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылуда.

Осы іс-шараны өткізу барысында Шиелі станциясындағы желілік полиция қызметкерлерімен вокзал перронында және жолаушылар поездарында, яғни қоғамдық орындарда алдын алу жұмыстары жүргізіліп, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің бабының талаптары түсіндірілді. Іс-шара барысында 5 әкімшілік құқықбұзушылық дерегі анықталып, заң шеңберінде шешім қабылданды. Оның ішінде  әкімшілік құқықбұзушылық дерегі 204-бабының  1-бөлігімен 1-дерек, 449-бабының  1-бөлігімен 1-дерек,  559-бабының  5-бөлігімен  3-дерек шешімін тапты.

М.Әбсатов,

Шиели станциясындағы

желілік полиция бөлімшесінің

ППт-ның полицейі полиция

кіші сержанты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<