«Құрметті профессор» атағы берілді

1253

0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ғылыми кеңесінің шешімімен ҚР Мәдениет қайраткері, жазушы Бегімбай Ұзақбаевқа университеттің «Құрметті профессоры» атағы берілді.

Ғылыми кеңесте басқарма төрағасы – ректор Бейбіткүл Кәрімова жазушының ел дамуы жолында үлкен еңбек сіңіргенін атап өтті.

Бегімбай Ұзақбаев – Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, Жалаңтөс баһадүр атындағы республикалық қор төрағасының орынбасары, Арал және Қазалы аудандарының Құрметті азаматы. Қаламгер бірнеше рет Мемлекет басшысының Алғыс хатымен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Оның қаламынан «Қарабура», «Сопы Әзиз пір», «Марал баба», «Сартай батыр», «Байқазақ», «Алдаспандар рухы» атты тарихи романдар туған. «Тағдыр», «Сырлы сезім», «Бұтақтан өрген бәйтерек», «Шырағың сөнбесін», «Сырымды саған айтам», «Қилы заман-ай», «Шығар күннің шуағы» атты повестері мен әңгімелер жинақтары жарық көрген.

Бегімбай Ұзақбаев – 18 прозалық кітаптың авторы, 26 повесі мен 80-нен астам әңгімесі кітаптарда жарық көрген.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<