Қылышбай Бисенов тұрғындарды қабылдады

820

0

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініш айта келген тұрғындардың талап-тілектеріне жете назар аударды.

Депутаттың қабылдауына келген азаматтар баспана алу, бала денсаулығы және әлеуметтік мәселелер төңірегіндегі өтініштерін жолдады.

Депутат қабылдауда айтылған бірқатар мәселелерге ҚР қолданыстағы заңнамалар аясында қажетті кеңестер беріп, кейбір әлеуметтік өтініштерге “Ақмешіт шапағаты” қоғамдық бірлестігі арқылы қаржылай көмек көрсетуге ықпал етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<