Қызылорда облысында әкімнің «делдалы» 6 жылға сотталды

1031

0

Қызылорда облысында аудан әкімдігінің аппарат басшысы лауазымын көздеген қызылордалықтан 3 млн теңгесін алдап алған күдіктіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаров ANTIKOR News ақпарат алаңында айтты. «А.И.Сыздықов Қызылорда облысының тұрғынынан жалпы сомасы 3 млн теңге алдап алған. Бұл ақшаны ол Шиелі ауданы әкіміне пара ретінде «беріп», қаражат иесін аудан әкімдігінің аппарат басшысы етіп тағайындауға қамқорлық жасаймын деп сендірген», – дейді агенттік өкілі.

Сот процесінде кінәсі дәлелденген күдікті 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы бір іс бойынша, Ақтау қалалық соты Ақтау қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасының жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің басшысын өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырып, 30 млн теңге мөлшерінде айыппұл салды. Данияр Бегайдаровтың айтуынша, ол жауапкершілігі шектеулі серіктестік директорынан шотына қойылға бұғатты алып тастағаны үшін 2 млн теңге сомасында пара алған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<