Қызылорда-Шымкент тасжолында жүк көлігі аударылды

888

0

Қызылорда-Шымкент тасжолында жүк көлігі аударылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылордадан Шымкентке дейінгі тасжол көктайғақ екені хабарланды. Қызылордадан бір сағаттық жерде түсірілім тобы бірден бірнеше аударылған КамАЗды кездестірді.

«Жол мұз айдыны сияқты, қозғалыс өте баяу», – дейді тілші.

Оның айтуынша, жол апатының салдарынан кептеліс пайда болған.

Кейбір жүргізуші қозғалысты жалғастырудан қорқып, көлігін жол жиегіне қойып қойған. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<