Қызылордада 10 жастағы бала коронавирус жұқтырды

746

0

Қызылорда облысында өткен тәулікте тағы бір оқушы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқушы 2010 жылы дүниеге келген. ПТР анализі шұғыл түрде соматикалық ауру диагнозы бойынша ауруханаға жатар алдында алынған. Талдау нәтижесі коронавирус оқушының инфекциясын жұқтырғанын нақтылады.

«Ауру клиникалық белгісінсіз тіркеліп отыр. Науқаспен байланыста болған адамдардың барлығы медициналық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде», – деп мәлім етті Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Соңғы тәуліктегі дерек бойынша Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3302 адам тіркелген.

Естеріңізге сала кетелік, Қызылордада соңғы он күнде үш оқушы коронавирус жұқтырған. Жаңа оқу жылынан бастап облыста 11 баладан коронавирус анықталған. Олардың барлығы қашықтан білім алады.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<