Қызылордада 82 адам вирус жұқтырды

472

0

Соңғы тәулікте аймақта коронавирус инфекциясымен 82 жағдай тіркеліп, індеттен 31 адам сауығып шықты.

Анықталған 82 жағдайдың 29-ы (35,4%) инфекциялық стационарда (Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына – 4, Фтизиопульмонология орталығы – 3, Психикалық орталықта – 1, Көпбейінді балалар ауруханасына – 2,  Көпбейінді қалалық ауруханасына – 1,  Арал ауданаралық ауруханасы – 2, Қармақшы аудандық ауруханасына – 1, Жалағаш аудандық ауруханасына – 2, Сырдария аудандық ауруханасында – 3, Шиелі ауданаралық ауруханасы – 6, Жаңақорған ауданаралық ауруханасы – 4), 53-і үй жағдайында бақылауға алынды.

Өткен жылдан бері коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастар саны – 5 241 (Қызылорда қ. – 3170, Арал – 182, Қазалы – 236, Қармақшы – 239, Жалағаш – 182, Сырдария – 307, Шиелі – 408, Жаңақорған – 517). Індеттен қайтыс болғаны – 16.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<