Қызылордада сотталғанға жолданған сәлемдеме ішінен есірткі шықты

469

0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен жазасын өтеп жатқан азаматқа жолданған сәлем-сауқаттың ішінен есірткі тектес зат анықталды. Мекеме қызметкерлерінен айласн асырмақ болған сәлдемдеме жолдаушы оны кәдімгі құрттың ішіне орап салған.

Жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалып, қорытындысында күмәнді заттың салмағы 3,2 грамм болатын кептірілген марихуана екені дәлелденді.

egemen.kz
© egemen.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<