Рейдтік тексерулер жүргізді

592

0

Қызылорда қаласы полиция басқармасының қызметкерлері «Профилактика апталығы» іс –шарасы аясында қала маңындағы саяжай учаскелеріне («ПМК-29», «ПМК-66», «Қосшыңырау», «Талсуат») рейдтік тексерулер жүргізді. Аталған іс-шараға 50 қызметкер және 10 автопатруль жұмылдырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, отбасы – тұрмыстық қарым –қатынастар саласындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғылықты жері бойынша ІІО-да есепте тұратындарды тексеру.

Аталған саяжайларда полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түрлі іс-шаралар өткізді. ІІО-да есепте тұратын тұлғалар тексеріліп, олармен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Іс – шара аясында елді мекенге қарасты 465 мекенжай тексерілді. Жүргізілген тексеру барысында 17 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде: отбасы-тұрмыстық қатынастарды бұзу – 2, қоғамдық орында спирт ішімдігін ішу – 3 ,абаттандыру қағидаларын бұзу – 19, жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру – 1 дерегі анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<