Руслан Манатаев ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

584

0

ҚР Үкіметінің қаулысымен Руслан Ерғалиұлы Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Руслан Манатаев 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономика университетін, 2017 жылы – М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, 2020 жылы – Назарбаев университетін тәмамдаған.

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.  2014-2017 жылдары – «Транстелеком» АҚ басқарушы директоры, президентінің кеңесшісі.

2017-2018 жылдары – «Астана – жаңа технологиялар – 2008» ЖШС директоры. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Транстелеком» АҚ АТ-шешімдер жөніндегі басқарушы директоры, телекоммуникация жөніндегі вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<