Сайлаушылар үшін онлайн сервис іске қосылды

268

0

Өңірде «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» сервисі (saylau.orda.gov.kz) іске қосылды.

Яғни сайлау күні облысқа келген қонақтар 400-200 немесе 109 нөмірлеріне қоңырау шалып, өз жеке сәйкестендіру нөмірін айта отырып, сайлау учаскесін анықтай алады. Сондай-ақ колл орталық арқылы тұрғылықты мекен-жай бойынша сайлау учаскесіне тіркелуге болады.

«Бүгінге дейін saylau.orda.gov.kz сервисіне 1000-ға жуық онлайн өтінім, 400-200 және 109 call-орталықтарына 400-ге жуық қоңырау келіп түсті. Сайлаушылар 10 желтоқсан күні сағат 18.00 ге дейін, арнайы нысанға сәйкес өтінішті толтырып, әкімдікке онлайн арқылы жолдап тіркелуіне болады, – деді облыстық цифрлық технологиялар басқармасының «Ақпараттық технологиялар орталылығы» директоры Сәбит Ибадуллаұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз