Салаларда жетістік көп

239

0

         Қызылорда облысының  мәдениет, спорт және архив мекемелері жыл басынан бері түрлі іс-шаралар өткізді. Он айда өткен жобалар туралы тарқатып жазсақ. Облыстың мәдениет және өнер мекемелері нысандарының мемлекеттік жүйесі 409 ұйым құрайды. 209 кітапхана, 171 мәдениет үйлері мен клубтар, 14 музей, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры, облыстық филармония, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі, 11 архив мекемесі бар.

         Сондай-ақ, өңірде 20 спорт мектебі, 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, спорт мектеп-интернат-колледжі, олимпиадалық резерв даярлау орталығы, 4 спорт клубы, «Мұз айдыны» спорт кешені, «Ғани Мұратбаев атындағы стадион» тұрақты жұмыс істеп келеді. Облыс бойынша мәдениет саласында 3 496, архив саласында 132 қызметкер жұмыс істеп жүр. Оның 1 761-і шығармашылық мамандар, 98-і архив мамандары. Ал, спорт саласында 1 870 қызметкер жұмыс істесе, оның ішінде жаттықтырушы-оқытушылар саны 750.

         Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени- продюсерлік орталығы бойынша биыл Жаңақорған аудандық мәдениет үйі, Бірлік,  Қандөз, Әбдіғаппар, Кейден, Жалағаш ауданы Аққұм ауылдық клубтары мен Қызылорда  қаласы АТоқмағанбетов  атындағы мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.    Сондай-ақ С.Майқанова  атындағы кенттік мәдениет үйі, Жаңақорған ауданы,Төменарық  ауылдық  клубы,  Жалағаш ауданы, Шәменов ауылдық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Жалағаш ауданындағы Қ.Қазантаев аудандық атындағы мәдениет үйі, аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығының жылу жүйелерін табиғи  газға  ауыстыруға қаржы бөлінген.  Облыс клуб кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасын нығайып келеді. А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйіне концерттік костюмдер, Жалағаш ауданы Аққұм, Мәдениет, Шиелі ауданы Жақаев, Жансейіт мәдениет үйлеріне музыкалық дыбыс күшейткіш аппаратуралар, Шиелі ауданы Жақаев мәдениет үйі, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі, Жалағаш ауданындағы Бұқарбай батыр, Ақсу, Аққыр, Жаңадария ауылдық мәдени ошақтарға компьютер жиынтығы алынған.  

         Облыста 922 көркемөнарпаздар үйірмелері жұмыс істеп тұр. Оған 11 139 өнерпаз тартылған. Ауылдық клубтардағы 728 үйірмеге 8445 өнерпаз қамтылған. Облыс клуб кәсіпорындарының ұйымдастыруымен жыл басынан бері 6246 мәдени шара өткен.

Сыр елінің талантты жастарын қолдау әркез маңызды. Бұл мақсатта түрлі деңгейдегі өнерпаздарға олардың шығармашылығын шыңдау мақсатында 68 (13 республикалық, 2 аймақтық, 53 облыстық) байқау-фестивальдер, мүшәйралар мен ақындар айтыстары ұйымдастырылған.

«Сыр елі- жыр елі» деп бекер атамаған, аймақта түрлі мәдени кештер өтеді. Жыл басынан бері КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық Қаһарманы Роза Бағланованың туғанына  100 жыл толуына орай  облыс көлемінде ұлы тұлғаның есімін ұлықтау, шығармашылығын насихаттау мақсатында 91 мәдени-көпшілік шаралар өтккен.  «Ақмаңдайлым» атты республикалық әншілер байқауы, Жаңақорған ауданында «Әнші қыз, әнші ару, әнші ана»  атты облыстық жас әншілер байқауы мен «Әдемі – ау» облыстық байқауы, Шиелі ауданында «Қазақтың әнші бұлбұлы» атты облыстық әншілер конкурстары  талантты жастарға жол ашты.

         Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын атап өту іс-шаралар жоспары аясында облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығымен бірлесіп, Арал, Қармақшы Жалағаш, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласында «Алаштың Ахметі», «Халық мұрасы – рухани қазына»,«Алаш  ұстазы» атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы өткен. Сондай-ақ «Тілім менің – қасиетім жырымдағы» атты мәдени шарасы, «Ахмет тағылымы» атты аудандық мысал өлең оқушылар байқауы және «Ұлт тілін ұлықтаған», «Дәуірдің жарық жұлдызы – Ахмет Байтұрсынұлы», «Тіл білімінің атасы» атты  облыстық көркемсөз оқу байқауы,  «Заңғар жазушы» атты тақырыптық кеш және «Ұлттың ұлы ұстазы» атты облыстық жазба ақындар мүшайрасына да талантты жастар қатысқан.

         Дәулескер күйші Әлшекей Бектібайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Дәуірлер бейнесі домбыра үнінде» атты республикалық күйшілер   байқауы өткізіліп, Жаңақорған ауданының ұйымдастырумен Әлшекей әлемі»атты аймақтық өнер фестивалі,«Ән домбыра – Әлшекей» атты облыстық оқушылар арасында күйшілер  конкурсы, «Ақжелең» күй фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Әнші-композитор Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкеновтің 60 жылдығына  арналып «Отан-Ана»  атты ІІІ республикалық әншілер конкурсы, Жалағаш ауданының ұйымдастыруымен  «Аманат» облыстық  жас әншілер байқауы  өтті. Дәстүрлі өнерді дәріптеу бағытында биылғы жылы өңірімізде 1 республикалық, 7 облыстық жыршы-термешілер байқау-фестивальдері  өткізілген. Алашқа мәлім Тұрмағамбет Ізтілеуұлының туғанына 140 жыл толуына арналған «Жасымнан назым сөзге щебер едім… атты республикалық жыршы- жыраулар фестивалі, Қармақшы ауданында жырау Шәмшат Төлепованы еске алуға арналған «Домбырасын моншақтаған жыр жауһарлары» атты облыстық дәстүрлі қыз-келіншектердің жыр фестивалі, «Қорқыттан қалған қоңыр үн-VІІ» облыстық балалар шығармашылығы байқауы аймақтың мәдени құндылықтарын дәріптеді. Сыр сүлейі, ақын Тұрмағамбет Ізтілеуұлының туғанына 140 жыл орай «Шұғыла шашқан Шаһнама» облыстық дастан орындаушылардың республикалық  фестивалі ұйымдастырылса, Жалағаш ауданында Базар жырау Оңдасұлының туылғанына 180 жыл толуына орай облыстық  онлайн режимде «Сөйле  десең, сөйлейін»  атты  термешілер байқауы, Сырдария ауданында Сыр сүлейі, ақын  Тұрмағамбет Ізтілеуұлының шығармашылығына арналған «Назым сөздің шебері» атты облыстық онлайн термешілер байқауы, Жаңақорған ауданында Сыр сүлейлері  Базар Оңдасұлының және ақын, жырау Құлан Алдабергенұлының  шығармашылығын насихаттауға арналған «Текті сөздің төресі – терме» атты облыстық  жыршы-термешілер байқауы және  ақын, жырау Шәймен Дәрібаевты еске алуға арналған «Өмір-дәурен» атты облыстық жыршы-термешілер байқауы өтті.

         Ұлттық домбыра күніне арналып орталық алаңда «Домбыра – халық мұрасы» атты  фестиваль-шеру өтті. Мерекелік шеруге қарт Қаратаудан айдынды Аралға дейінгі Сыр елінің күйшілік, жыршылық өнерін насихаттаушы  өнер өкілдері қатысты.

         Облыстық филармония жыл басынан бері 158 шара өткізген. Өнер ұжымы, онлайн концерт, қайырымдылық шаралар, балаларға арналған шара ұйымдастырып, гастрольдік сапарларға да шығып тұрады. Жыл көлемінде филармония әртістері халықаралық, республикалық, облыстық байқау-конкурстарға қатысып, жеңімпаз атанып жүр. Сонымен қатар облыстық филармонияның 50 жылдығы аясында және Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына, Әлшекей Бектібайұлының 175 жылдығына, Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 140 жылдығына, Батырхан Шөкеновтің 60 жылдығына орай өнер ұжымдары мен жеке орындаушылардың концерттер өтті.

          Биыл Өзбекстан мемлекетінің Сухандария, Самарқанд, Новаи, Үшқұдық қалалары мен  аудандарында, Шымкент, Ақтөбе, Алматы, Астана, Жезқазған қалаларында, облысымыздың барлық аудандары мен елді мекендерде гастрольдік концерттер өтті. «Ақкербез» республикалық бишілер конкурсы өз жеңімпаздарын анықтады.    Облыстық Н. Бекежанов атындағы қазақ акдемиялық музыкалық драма театры жыл басынан бері көрерменге 173 спектакль ұсынды, Оның ішінде 106 драмалық спектакль, 15-і балалар спектакльдері, 52-сі қуыршақ қойылымдары. Әр қойылымның өз көрермені бар. Он айда театр 45 169 көрерменді қамтыпты. Жыл көлемінде К.Гольдонидің «Екі қожаға бір қызметші» комедиясының, У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта», М.Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының  премьералары өтті.

         Өнер ұжымының жетістіктері де мол. «Айтқыштар Ақтөбеде» республикалық әзіл-сықақ театрларының фестивалінде «Сыр әзілі» әзіл-сықақ тобы, Ұ.Қылышбаеваның «Шетелдік күйеу бала» интермедиясымен қатысып, жүлделі І орынды иеленді. Сондай-ақ Ақтау қаласында өткен «Әбіш әлемі»ІІ Халықаралық театрлар фестиваліне У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» спектаклімен,  «Нартайдың бүлдіршіндер» қуыршақ тобы Ақтөбе қаласында өткен «Ассалаумағалейкум!» қуыршақ театрлар фествиаліне Қ.Бегмановтың «Ұр, тоқпақ!» спектаклімен қатысып, арнайы дипломмен марапатталды. Театр ұжымы 2022 жылдың 22-30 қазан аралығында Астана қаласында Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әзірбайжан Мәмбетовтің 90 жылдық мерейтойына арналған «TEATPALL» II халықаралық театр фестиваліне қатысып,  Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Бақытбек Алпысбай«Театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясымен марапатталды. Өнер өкілдерінің шығармашылығын насихаттау мақсатында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Залипа Төлепова 60 жылдық мерейтойына арналған «Жұлдыздай жарық жауһарым», Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақытбек Темірбековтің 50 жылдық мерейтойына арналған «Сыр сахнасының сардары», Қазақстанның еңбек сіңірген артисі  Бақытбек Алпысбаев пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайракері Кәмила Әбжанованың «Театр – өмір, байрақ, бақытым!» атты шығармашылық кештері өтті. Шымкент қаласы мен аудандарда театрдың гастрольдік сапарлары өткен.

         Аймақта барлығы 14 музей халыққа қызмет көрсетеді. Облыс музейлерінің жалпы қорында 154 339 экспонат бар. Он айда музейлер қоры  3 982 экспонатпен толыққан. Музей қызметкерлерімен жыл басынан бері облыс музейлері бойынша 8 810 экскурсия ұйымдастырылған. Мамандар 779 лекция оқып, 592 көрме өткізген. Мұнан соң музейге келушілер саны артып,159 529 адамды құраған. Тұрғындарға ерекше ұнағаны «Музей радиосы», «Жас өлкетанушы», «Тұлғатану», «Құнды жәдігер», «Жәдігербаян», «Музей энциклопедиясы», «Музей Тур», «Бұл үйде кім тұрған?», «Тарих көмбесі» жобалары. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі қорынан «Ұлтымның ұлы кемеңгері» және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Тарихи Түркістан» атты жылжымалы көрмелерде көпшіліктің көңілінен шықты. Сондай-ақ, С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері Баймағанбет Есіркепов пен Аралбай Ордабаевтың «Ұмытылмас тұлғалар», Ә.Сәрсенбаевты еске алуға арналған «Өнерім өзіңе, туған жер!» атты көрмелер және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Шахмұрат Сейтмұратовтың 70 жылдығына арналған «Суретім – өмірім» атты шығармашылық көрмесі өтті.

         Облыс көлемінде 556 тарихи-мәдени мұра нысан мемлекет қорғауына алынған. Оның 31-і республикалық, 256-ы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енген. Ал 269 ескерткіш алдын-ала есепке алынған тарихи-мәдени мұра нысандар тізіміне алынған. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның отырысы өтті. Комиссияның күн тәртібінде өңірдегі 12 ескерткішке (Жетіасар мәдениетінің ескерткіштері) республикалық мәртебе беру мәселесі  қолдау тапқан.

         Облыс кітапханалары  10 айда 209 122 оқырманға қызмет көрсеткен. Келушілер саны күн санап артып келеді. Он айда 1 557 480, 3 576 659 дана кітапты үйге алып оқыған. Аймақта 4 525 683 кітап қоры бар. Олардың 2 486 611 данасы мемлекеттік тілде. «Кітапхана қорларын цифрлау» жобасы аясында қор сақталымын қамтамасыз ету мақсатында 14 548 кітап цифрлы форматқа көшірілген.

         Аймақтағы кітапханаларда кітап оқуды насихаттау және оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында кітап жәрмеңкесі, оқу фестивальдері, кітап мерекелері, оқу марафондар, буккросингтер, жастарды оқуға тартатын оқу акциялары ұйымдастырылып келеді. Атап айтсақ, «Kitap Fest» фестивалі, «Kitap Timе», республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы, «Үздік оқырман» бенефисі, «Оқитын өлке» акциясы, «Кітаппен бірге өсеміз» т.б. акциялар өткен.

         Жыл басынан бері облыстың архив мекемелеріне 9 763 сақтау бірлігіндегі құжаттар мемлекеттік сақтауға қабылданды. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында
18711 сақтау бірліктері цифрландырылды. Архив мекемелерінде заңнамалық және ғылыми-әдістемелік құжаттарды тәжірибеге енгізу мақсатында барлығы 281 біліктілік арттыру 
алаңы өткен.

         «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесіне 2022 жылдың 10 айында 19 қордың 17799 сақтау бірлігі  енгізілген. Осы уақытта облыс архивтеріне азаматтардың әлеуметтік-құқықтық сипатындағы 11796 сұрау түсіп, оның 6576-ы оң нәтижемен орындалды. Оның ішінде, ТМД елдерінен 674 өтініш хат түсіп, оның 364-і қанағаттандырылды. Баламалы негізде тікелей архив мекемесіне – 1 703, мемлекеттік корпорация арқылы 2 431, электрондыүкімет порталы арқылы – 7 662 сұранысқа жауап берген. «E-gov» электрондық үкімет порталы арқылы орындалған сұраныстардың үлесі 67 %-ы құрады.

         Жыл басынан бері спорт түрлерінен  мәдениет және спорт саласы бойынша 836 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткен. Сонымен қатар, 3 – халықаралық турнир, 13 – Қазақстан Республикасының чемпионаты мен кубогы (тоғызқұмалақ, құсбегілік, конькимен мәнерлеп сырғанау, волейбол, топтық эстетикалық гимнастика, велоспорт, грек-рим, еркін және әйелдер күресі, ауыр атлетика, футбол, дзюдо, белбеу күресі, шахмат, каратэ), 31 – республикалық және 119 – облыс біріншіліктері мен турнирлер ұйымдастырылған. Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында балаларға арналған 1-мектеп-интернат-колледжі, 2-облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1-олимпиадалық резерв даярлау орталығы және 22-балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде спорттың 48 түрімен 608 жаттықтырушы-оқытушы 21 161 спортшыны тәрбиелеуде.

         Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, облыс спортшылары ҚР чемпионаттары мен кубоктарында 308 алтын, 278 күміс, 431 қола медальдарды жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттары мен кубоктарынан 74  алтын, 57 күміс, 64 қола медальдарға қол жеткізді. Сонымен қатар, 15 ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 48 ҚР спорт шебері, 681 ҚР спорт шеберлігіне кандидат, 171 І разрядты спортшылар дайындалды. Спорт түрлері бойынша ҚР құрама командалары сапына 382 спортшы енген. Осыған сәйкес, облыста 2022-2023 жылдарға арналған спорттың басым түрлері қалыптасқан.

Олимпиадалық емес спорт түрлерінен – белбеу күресі, каратэ (WKF), кикбоксинг, самбо және әскери самбо, шахмат бар. Жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен – ауыр атлетика, бокс, байдарка мен каноэде есу, грек-рим күресі, дзюдо, еркін күрес, әйелдер күресі, жеңіл атлетика, классикалық волейбол, қол добы, стенд ату, таеквондо WTF. Қысқы олимпиадалық спорт түрлерінен – конькимен мәнерлеп сырғанау.

         Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына қаржыландыру бойынша «Артспорт» бағдарламасы іске асырылуда.     Бүгінгі күні шығармашылық тапсырыс бойынша 60 өнім берушімен 40 жанрда 412 үйірме жұмыс жасаса, спорттық тапсырыс бойынша 52 өнім берушімен спорттың 17 түрінен 205 секция жұмысын жүргізуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<