Сенімге селкеу түспесін

700

0

Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы тиіс. Жұртшылық арасында қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенім қалыптасуы қажет. Мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби білім мен білгірлік жеткіліксіз. Қызметшінің жеке мінез-құлық мәселесі және бар, яғни, кәсіби деңгейі мен жоғары моральдық адамгершілік қасиеттері қатар тұру керек.

Осы тұрғыда Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаментінде Әдеп жөніндегі уәкіл жұмысы мемлекеттік қызметте әдеп нормаларын ілгерілетуге, қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасауға, мемлекеттік қызметшілерінің жағымды имиджін қалыптастыру, оның қызмет тиімділігін арттыруға негізделген.

Департаментте «Мемлекеттік қызметшінің Әдеп және мінез-құлық нормалары» талқыланып, Әдеп жөніндегі уәкіл ұсынысы бойынша мемлекеттік органның оң имиджін қалыптастыруға елеулі үлес қосқан 1 мемлекеттік қызметші Алғыс хатпен марапатталды.

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында биыл 2 рет  анонимді сауалнама жүргізіп, жалпы моральдық жағдайдың қалыпты екені анықталды. Өткен 9 айда қызметкерлердің қатысуымен заңнама нормаларын түсіндіру үшін 4 құқықтық оқыту жүргізілді.

Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде жеке қабылдауыма 9 азамат жүгініп, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға, Еңбек кодесіне, әдеп нормаларына түсіндірме сұрады.

Қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарының сақталуына ай сайын талдау жүргізіліп тұрады. Департамент жұмысына наразылықтарын айту үшін уәкіл туралы толық ақпарат орналастырылды. Одан бөлек, артық жұмыс істеу фактілерінің алдын алу мақсатында жұмыс аяғында профилактикалық шаралар жүргізілді.

Г.МАХАНОВ,

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыс бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<