Шапағаты мол шара

777

0

Дүниежүзілік донор күніне орай облыстық қан орталығының ұйымдастыруымен шара өтті. Оған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов, бірқатар мемлекеттік мекемелер өкілдері мен донорлар қатысты.

Басқарма басшысы айтулы күнмен жиылғандарды құттықтап, қан тапсыруда белсенділік танытып жүрген мекемелер мен тұрақты донорларға «Алғыс хат» тапсырды. Сондай-ақ, «Балалар жылына» орай  «Мен – болашақ донормын» тақырыбында қан орталығы қызметкерлері балаларының қатысуымен көркемсурет көрмесі ұйымдастырылды.  Көрмеге қатысқан өнерлі балғындарға да арнайы «Алғыс хаттар» табысталып, сыйлықтар берілді. 

Донор күні  аясында  Төлен ата мешітінде «Өзгеге өмір сыйла» көшпелі акциясы өтіп, жұмада жамағат жұмылып қан тапсырды. Мерекелік шарада мешіт имамы Ғалымжан Оразәліұлы да сөз алып, донор болудың маңызына тоқталды.

Мерекелік акция аясында өнерлі балғындар тақпақ айтып, әннен шашу шашты.

Жалпы, былтыр  6151 донор қан тапсырса, биылғы  5 айда  олардың саны 3455-ті құрап отыр. 200 тұрақты донор   бар.  Акция аясында таңертеңнен түске дейін  70 донор қан тапсырды.

Аталған акцияның мазмұнды өтуіне  «Қызыл ай» қоғамының  облыстық филиалы да атсалысты. «Қан тапсыру – бұл ынтымақ. Донор болыңыз және өмірді сақтаңыз» ұраны аясында филиалы қызметкерлері донорлықты насихаттайтын ақпараттарды бөлісіп, қан тапсырушыларға арнайы футболкалар мен бас киімдер үлестірді, сый-сияпат жасады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<