Шет аймақтың шетін мәселелері

725

0

Редакциямызға Қызылорда қаласы, әл Фараби көшесінің тұрғыны Кенжегүл Әбдікәрім шет аймақтың шетін мәселелерін айтуға арнайы келіпті.

– Отбасымызда 10 адам бар. Оның бірі – студент болса, бірі – оқушы. Осы жағ­дайды ескеріп, №198 мектеп компьютер берген еді. Бірақ ин­тер­неттің болмауынан соны пайдалана алмай отырмыз. Балаларым «Қазақтелекомға» барған еді, ол жақта байланыс нүктесі жоқ депті. Бізді қынжылтатыны –  қалада тұрып ин­тер­неттің игілігін көре алмауымыз, – дейді ол.

Зейнеткер отба­сы­ның атынан тағы бір­не­ше ұсыныстарын айтты.

– Шағын ауданымызда әлеуметтік дүкен мен дәріхана ашылса екен. Ұлыммен бірге Ал­матыдағы әскери гос­­питальда тегін ем­де­леміз. Маған керекті бір дәрінің өзі 22 мың теңге тұрады. Одан да басқа алатын дәрі-дәрмегіміз бар. Сондықтан әлеу­меттік дәріхана ашылса, бізге ғана емес, тұрғындарға да көп көмегі тиер еді. Қаланың басқа ау­дан­дарындағы әлеу­меттік дүкендер желісі шет аймаққа да керек-ақ.

Әсіресе, интернеттің тартылмауы бала­лар­дың сабағына қиындық туғызуда, сондықтан өті­­­нішімді облыстық «Сыр бойы» газеті ар­қылы жеткізуді жөн көр­дім, – дейді оқыр­ма­нымыз.

Біз ұсыныс-пікірді ба­­сылым арқылы жет­кі­зу­ді мойнымызға алдық.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<