Шиелі ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

939

0

Ерсұлтан Апетов Шиелі ауданы әкімінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №396 өкімімен Шиелі ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ерсұлтан Амантайұлы 1974 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің мал дәрігері;

2016 жылы «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының экономика және бизнес бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Зұлыпхар» жеке шаруа қожалығында мал шаруашылығының маманы болып бастаған.

2000-2001 жылдары Қожакент ауылдық округі әкімінің аппаратының мемлекеттік ветеринариялық инспекторы;

2001-2004 жылдары Жаңақорған аудандық ветеринариялық станциясының мал дәрігері;

2004-2010 жылдары Жаңақорған аудандық аумақтық басқармасының жетекші маманы-мемлекеттік ветеринариялық инспекторы;

2010-2012 жылдары Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясының ветеринария бөлімінің бастығы, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы;

2012-2015 жылдары Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясының басшысы;

2015 жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін облыстық ветеринария басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<