Аудит 1,7 млрд теңгеге қатысты кемшілікті анықтады

492

0

Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында» жүргізілген аудит қаржыға қатысты көптеген кемшіліктің бетін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр бұйрығымен бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің 2020 жылға арналған тізбесіне сәйкес «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» 18 мамырдағы тапсырма негізінде Ішкі аудит департаменті 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 наурыз аралығындағы кезеңде тиімділік аудитін жүргізген.

«Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша орталықта жалпы сомасы 1 754 637,9 мың теңгеге бұзушылық анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 3 071,7 мың теңгені құрады, оның ішінде қалпына келтіруге жататын сома – 3 004,6 мың теңге, өтелуі тиіс – 67,1 мың теңге; рәсімдік сипаттағы бұзушылық – 1 737 961,8 мың теңге; мемлекеттік сатып алу қорытындыларына әсер етпейтін мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұза отырып өткізілген мемлекеттік сатып алу сомасы – 700,0 мың теңге; бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану – 12 904,4 мың теңге, бұл – Қазақстан Республикасының жекелеген нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ кәсіпорынның қызметін регламенттейтін өзге де құжаттардың талаптарын бұзу» делінген.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, орталыққа кемшіліктерді жою және ұсынымдарды қарау туралы шешіммен бірге ішкі аудит нәтижелері туралы есеп жіберілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<