Сотталған азаматтар М.Мақатаев туған күнін атап өтті

207

0

Фото автордан

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған жазасын өтеуші азаматтар қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 93 жылдық мерей тойын атап өтті.

Шараға Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №1 кітапханасының әдіскері аға кітапханашы Тайлыбаева Айнұр Нұрылдақызы мен «Бегімай» өнер орталығының жетекшісі Тұрсын Айгерім Маратқызы қатысты.

Айтулы әдеби-сазды кеште сотталған азаматтарға ақынның өмір жолынан дереккөздер беріліп, өзекті тақырыптағы шығармашылығы талданды. Сонымен қатар, жазасын өтеушілер ақыннның «Ғашықпын», «Әр сағатым санаулы», «Сәби болғым келеді», «Отан» өлеңдерін жатқа айтып өз өнерлерін көрсете білді.

Сондай-ақ, шараны көркейту мақсатында сотталғандарға «Аққулар ұйықтағанда» қойылымы көрсетіліп, пікірлер алмаса білді. Айтулы кеш соңында «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» тақырыбында кітап көрмесі көрсетіліп, жазушы, ақынның бірнеше кітаптары көрсетілді.         

Бүгінгі қазақтың белгілі ақыны М.Мақатаев атамыздың 93 жылдық мерей тойында кітапхана қызметкерлері келіп, бізге тың ақпараттарымен бөлісіп, бірнеше кітаптарға талдау жасадық десекте болады. Сонымен қатар, бұл шарада «Әр сағатым санаулы» тақырыбындағы өлең шумақтарын жатқа айттым. Бұл өлең менің жаныма жақын тақырып болғаннан кейін осы тақырыпты таңдадым. Ақиық ақынның бұл өлеңі өмірінің санаулы күндерінде жазған әні екенін осы шара арқылы білгенін жеткізді, – сотталған «С» есімді азамат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<