«СҚ Фармацияның» бұрынғы басқарма төрағасы қамауға алынды

128

0

«СҚ Фармация» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Берік Шәріп ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ТЖ кезінде медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша «СҚ Фармация» ЖШС-ның бұрынғы Басқарма төрағасы ұсталып, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің уақытша тергеу изоляторына қамалды.

«14 тамызда соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады», – дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді. Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында МӘМС қоры мен «СҚ Фармация» басшыларын жұмыстан шығаруды тапсырған болатын. Кейін «СҚ Фармация» қызметінде тексеру басталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз