STEM тәсілін қолдану тиімділігі

729

0

Мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру арқылы жоғарғы сапа мен бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізе отырып, кәсіби дамуын қамтамасыз ету мәселелері – біліктілік арттыру саласындағы басым бағыттардың бірі. Осы орайда «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы мен Қызылорда облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 25 қараша күні «Биология және химия пәндерін оқытуда STEM тәсілін қолдану тиімділігі» тақырыбында колледж оқытушыларына арналған семинар өтті.

Семинар барысында филиал тренері Жанар Рзабекқызы 5Е (еліктіру, зерттеу, түсіндіру, толықтыру, бағалау) циклі бойынша «Биология және химия сабақтарында STEM тәсілі» тақырыбында шебер-сынып өткізді.

Семинардың тәжірибелік бөлімінде Жанар Рзабекқызы химия және биология сабақтарында 5Е циклінің ерекшеліктері мен негіздеріне тоқталып, «Көмірсулар», «Оттегі», «Дұрыс тамақтану» тақырыптары бойынша өз тәжірибесін ұсынды.

Семинар барысында қатысушыларға Сырдария ауданындағы №42 мектеп-лицейдің биология пәні мұғалімі Гүлзат Абдрасилова мектеп тәжірибесінде қолжетімді материалдар арқылы инженерлік дизайн мен модельдеуді жүзеге асыру ерекшеліктерімен таныстырды.

Шара соңында қатысушылар пікірлерімен бөлісіп, семинар ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.

Жанар Жұбауова,

«Өрлеу» Қызылорда облысы

бойынша филиалының тренері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<