Стенд атудан әлем кубогі: Қазақстан тағы бір «алтын» алды

1098

0

Стенд атудан Қазақстан құрамасы Алматыда өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде екінші алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Құрама қоржынына медальді Мария Дмитриенко мен Виктор Хасянов салды.

Спортшылар аралас командалар арасында «трап» дисциплинасында жетістікке жетті. Екінші орынға Түркия орналасты, ал «қола» Иранға бұйырды.

Еске салайық, бұған дейін Әсем Орынбай «скитте» алтын медаль алған болатын. Сондай-ақ ол аралас командалар арасында Эдуард Ещенкомен бірге «скитте» бірінші нәтиже көрсетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<