Заңды тұлғаларды электронды тіркеу мәселесі бойынша

5

0

Қазақстан Республикасында заңды тұлғаларды электронды форматта тіркеу-бизнес ашуды  жеңілдетуге бағытталған маңызды қадамның бірі.

Заңды тұлғаларды электронды тіркеу-бұл интернет арқылы мемлекеттік органдарға бармай-ақ, заңды тұлғаларды ресми түрде тіркеу мүмкіндігі. Бұл процесс уақыт пен қаржылық шығындарды азайтып, кәсіпкерлік қызметті жедел бастауға жол ашады. Сонымен қатар, адами фактордың азаюы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді.

Электроды тіркеудің негізгі артықшылықтарына мыналар жатады: тіркеу процесінің жеделдігі (бір жұмыс күні ішінде), құжаттарды онлайн тапсыру мүмкіндігі, мемлекеттік органдарға тікелей бару қажеттілігінің болмауы, рәсімдердің ашықтығы мен қолжетімділігі, шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасау.

Сонымен қатар, электронды тіркеу жүйесінде бірқатар проблемалар кездеседі: техникалық қиындықтар порталдың уақытша істен шығуы, жүйенің баяу жұмыс істеу. Цифрлық сауаттылықтың төмендігі – кейбір азаматтар электронды қолтаңбаны пайдалану мен онлайн жүйелерді түсінуде қиындық көреді.

Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері – жеке деректерді қорғауы мен кибершабуылдар кауіпі. Аталған мәселерді шешу жолдары: электронды жүйелердің тезхникалық сапасын арттыру, халықтың цифрлық сауаттығын көтеру бойынша оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру, ақпараттық қауіпсіздікті күшейту, заңнаманы жетілдіру және нақтылау.

Заңды тұлғаларды электронды тіркеу – кәсіпкерлік ортаны дамытудағы тиімді құрал. Ол бизнес ашу процесін жеңілдетіп, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырады. Дегенмен жүйенің толыққанды әрі тиімді жұмыс істеуі үшін техникалық, құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерді кешенді түрде шешу маңызды.

А.Алибекова,

Қызылорда облысының әділет

департаментінің бас маманы