Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер қаралды

460

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кезекті комиссия отырысы өткізілді.

Онда облыс бойынша экология департаментінің бас­шысы Марат Құрманбаев пен Қызылорда облы­сының төтенше жағдайлар депар­та­ментінің басшысы Бағдат Данилов сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл бағы­тында биылғы жылдың 7 ай қорытындысын баяндады.

Отырыста сыбайлас жем­қор­лық тәуекелдерін азайту, лауа­зымды қызметкерлердің қызметтiк өкiлеттiктерiн асыра пайдалану, кәсіпкерлік субъектілерге артық­шылықтар көрсетуге жол бермеу қажеттілігі айтылды.

– Мемлекет басшысының төр­ағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша арнайы кеңес өткізілді. Президент жемқорлықты жою бойынша нақты міндеттерді белгіледі. Осыған сәйкес барлық мем­лекеттік орган басшылары бұл бағыттағы жұмыстарды жан­дан­дырып, белсенділік танытуы қажет. Қызметімізде, қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруымыз қажет, – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі сала бас­шыларының баяндамларынан кейін сыбайлас жем­қорлық сипатындағы теріс іс-әре­­кеттердің алдын алу мақ­сатында қызметкерлермен жеке­леген профилактикалық жұмыстар жүр­гізуді, жем­қор­лық тәуекелдеріне ішкі талдау жасауды басым ба­ғыт­­тарды айқындауды тап­сырды. Сондай-ақ, жаңадан та­ғайындалған, тәжірибесі жет­кілік­сіз қызметшілердің білік­тілік дең­гейлерін арт­тыру шараларын қа­былдау қызметтен тыс жеке тұл­ға­­лармен, кәсіпкерлік субъек­тілері­мен ретсіз қарым-қаты­настарын бол­дыр­мауға бағыт­талған қосымша шара­лар ұйымдастыруды қаперге салды.

Отырыста сыбайлас жем­­­қор­лықтың алдын алу ба­ғы­тында арнайы мони­тор­ингтік топтың 7 ай нәти­­жесіндегі қорытындысы тың­далып, аталған топ төрайымы Ляззат Бақтыбаева баяндама жасады.

Сыбайлас жемқорлық тәуе­кел­дерін төмендету бағы­тында мониторингтік топ өкілдері 14 ұсыным енгізген. Оның қазір 7-і орындалып, қалғаны орындалу үстінде. Сонымен бірге мониторингтік топ бірқатар бағыттарға жұмысшы топтармен бірге зерделенген жұмыстарды таразылап, ұсыныстарды ортаға салды.

Облыс әкімі көзделген мәселелерді тыңдай келе Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне қалалық және аудандық әкімдік жанындағы арнайы мониторингтік топ­тардың жұмысын үйлестіріп, сыбайлас жемқорлыққа қар­сы бағыттағы шараларды күшейтуді тапсырды. Сонымен бірге арнайы мониторингтік топпен атқарылған жұмыстар департаменттің ресми ин­тер­нет-ресурсында, әлеу­мет­тік желіде кеңінен ақ­парат­тандыруды және  сы­байлас жемқорлыққа қарсы жүргізілетін сыртқы талдау нәти­жесінде көзделген ұсы­ныстар мемле­кет­тік орган­дар­мен орындалып, арнайы мони­торингтік топқа жол­дануын бақылауды міндеттеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<