«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында онлайн кездесу өтті

455

0

Бүгін Сырдария ауданының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Қызылорда облысының жастар одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өтті.
Аталған онлайн кездесуге Сырдария ауданының Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық, Қоғалыкөл ауылдық округ әкімдік қызметкерлерімен тұрғындары қатысты. Сондай-ақ, онлайн форматтағы кездесуге Сырдария аудандық «Нұр Отан» париясы филиалының қызметкері Берік Ахметов қатысып, ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытындағы жұмыстарға тоқталып өтті.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықты төмендету мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар тарапынан берілген сауалдарға аудандық ішкі саясат және ішкі істер бөлімінің мамандары мен «Нұр Отан» партиясы филиалының қызметкерлері жан-жақты жауап берді

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<