СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

198

0

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық-заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат пайда болса сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі болып отыр. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де бұл кесел айналып өтпеді.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселесі. Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу бағытында тиісті жұмыстар атқарылып келеді.

Департаментпен 2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жоспары қабылданған. Басшылықпен мемлекеттік инспекторларға сыбайлас-жемқорлықты болдырмау жөнінде әрдайым инструктаждар өткізіледі. Қызметкерлер үнемі департаментте және басқа мемлекеттік органдарда өткізіліп тұратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған семинар-кеңестерге қатысып тұрады. Департамент басшысымен техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары үнемі жүргізіліп отырылады.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана, бұл құбылысқа тиіміді түрде қарсы тұруға болады. Кез келген адам өзінің сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасының мән-мағынасын анық та айқын ұғыну тиіс. Соған сәйкес тұлғаның бұл кеселге қарсы мінез-құлқы, болмысы, іс-әрекеті қалыптасады. Мұндай көзқарас қалыптасқан адам жемқорлықтың қоғам мен мемлекет, әрбір адам үшін қаншалықты қауіпті екенін сезініп, жемқорлық құбылысына қарсы тұратын болады. Осылай осы дерттің жойылуына үлес қосуына алып келеді. Мұның өзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің, азаматтардың саяси белсенділігін көтеруге ықпал ететінін көрсетеді.

Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Мұндай заңбұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға да тартылуы тиіс. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Әуелбек ҚАМЗАЕВ,

Техникалық реттеу және

метрология комитетінің

Қызылорда облысы бойынша

департаменті басшысының міндетін

атқарушы.