Сырбойылық қыздар командасы баскетбол сайысында қоладан медаль тақты

3377

0

Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары арасында ұйымдастырылған баскетболдан аймақтық спартакиадада Қызылорда қаласындағы NIS-тің қыздар командасы жүлделі 3-орынды иеленді. Абай Нұрлыбек – «Үздік ойыншы», ал Нұрсәт Сражадин – «Үздік ортаңғы ойыншы» номинаияларымен марапатталды.

Қостанай өңірінде өткен спорттық жарысқа  Қызылорда, Қарағанды, Шымкент және Алматы қалаларының қыздар мен ұлдар командалары қатысты. Ерекше достық асмотферасын сезіндірген ойыншылар жанкүйерлеріне қызықты ойын-өрнегін көрсетті. Нәтижесінде ұлдар арасында І-орынды Алматы қаласындағы физико-математика бағытындағы NIS-тің командасы иеленсе, ІІ және ІІІ-орындарды қарағандылық ойыншылар мен Шымкенттегі физика-математика бағытындағы мектептің командасы бөліп алды.

Қыздар арасында шымкенттік физика-математика бағытындағы NIS сұлулары жеңіс тұғырынан көрінсе, екінші орынға тең ұпай алған қарағандылық команда орналасты және жүлдегерлер үштігіне сырбойылық арулар енді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<