Табиғи апаттың алдын алу шаралары жүргізілуде

863

0

Тасқын да, өрт те – табиғаттың жауы. Мұндай аласапыран оқиғалар табиғатта жетерлік. Олар табиғи қалыптасқан тепе-теңдікті бұзып қана қоймай, адам баласының өміріне қауіп төндіреді. Бұл жөнінде және өрттің алдын алу жұмыстары бойынша Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Нұрсұлтан Ибрагимов толығырақ тарқатты.

– Жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметі, орман шаруашылығы мен төтенше жағдайлар қызметімен бірлесіп қала және аудандар бойынша құрамында 64 адам бар 13 мобильді топ құрылды. Қазіргі таңда, мобильді топпен 286 рет рейдтік шаралар жүргізілді. Рейдтік шара барысында және тіркелген оқиғалар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 367-бабына сәйкес 6 тұлғаға 241 500 теңге айыппұл салынды. Одан бөлек, түсіндірме жұмыстары тұрақты өткізілуде. Орман қоры жерімен шектесетін елдімекендер, теміржол мен автожол жағалауларында облыс бойынша барлығы 6 867 шақырымға минералды жолақтар жүргізу жоспарланған, оның 5 294 шақырымына жүргізілген, қалған 1 618 шақырымы өрт қауіпті маусымы аяқталғанға дейін жүргізіледі, – деді Нұрсұлтан Жаңабайұлы.

Еске сала кетейік, осы жылдың 20 наурызынан бастап Қызылорда облысында өрт қауіпті маусымның басталу күні болып белгіленді.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<