Табиғи монополия субъектілері әкімшілік жауаптылыққа тартылды

1136

0

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетініңҚызылорда облысы бойыншадепартаментімен жүргізілген талдаудың нәтижесінде,табиғи монополия субъектілері тарапынан «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен (бұдан әрі – Заң)белгіленген міндеттерді орындамау фактілері анықталды.

Заңның 26-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне тұтынушылармен үлгiлік шарттарға сәйкес жеке шарттар жасасуға міндетті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің   2019 жылғы 24 маусымдағы №58 бұйрығымен реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттары (бұдан әрі – Үлгілік шарт) бекітілген.

Алайда, табиғи монополия субьектісі болып табылатын «Пикет LTD» ЖШС-мен, «Асфальтобетон» ЖШС-мен, «Бастау S» ЖШС-мен, «АК «Алтын Қамба» ЖШС-мен және «Жаңақорған-Техсервис» ЖШС-мен Заңның 26-бабы 2-тармағының 8) тармақшасында белгіленген міндеттер орындалмай, нәтижесінде Департаментпен табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу фактілерін жою туралы нұсқамалар енгізілді.

Сонымен қатар, аталған субъектілер Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің(бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК)164-бабының төртінші бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оларға жалпы сомасы 3,4 млн.теңгеге айыппұл салынды.

Субъектілер ҚР ӘҚБтК-нің 810, 811-баптарында көрсетілген құқықтарын пайдалана отырып, жеті тәулік ішінде айыппұл сомасының елу пайызын төледі.

Сондай-ақ, Заңның 26-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі осы Заңға сәйкес бекітілген тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуға міндетті.

Алайда, аталған заң нормасын сақтамағаны үшін табиғи монополия субьектісі болып табылатын«Жаңақорған-Техсервис» ЖШС-гі және «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС-гіҚР ӘҚБтК-нің164-бабының бесінші бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оларға жалпы сомасы 42,5 мың теңгеге айыппұл салынды. Сонымен қатар, оларға табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу фактілерін жою туралы нұсқамалар енгізілді.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің

облыс бойынша департаменті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<