Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында филиал қызметкерлері марапатталды

703

0

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиал директоры Айдын Қайруллаев Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында корпорацияның дамуына үлес қосып, халыққа қызмет көрсету саласында елеулі еңбек етіп келе жатқан филиал қызметкерлерінің бірқатарын марапаттады.

Салтанатты жиында халыққа қызмет көрсету саласына қосқан үлесі үшін Манат Зарқұмқызы Конституциямыздың 25 жылдығына орай мерекелік медалімен марапатталса, Лаура Қолғанатқызы, Оразалықызы Ботагөз, Әуезова Мария, Сейтжанұлы Әділхан «Еңбек даңқы» медалімен марапатталды.

Филиал қызметкерлері Гүлмира Кәрібайқызы, Ақжан Болатбекқызы, Аида Бердібекқызы корпорацияның «Кәсіподақ қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісін иеленді. Сонымен қоса, бірқатар қызметкерлер облыс, қала әкімінің және филиал директорының алғыс хатымен марапатталды. 

Мерекелік шарада Айдын Бөкенбайұлы ұлтымыз үшін қастерлі де қасиетті ұғым саналатын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, 29 жылда еліміз жеткен жетістіктерді баяндады. Еліміздің дамуы үшін, тынбай тер төгіп, аянбай еңбек еткен Елбасының ерлігіне де ерекше тоқталды.

Жиын соңында марапатталған қызметкерлердің барлығы еліміздің амандығын, тұтастығы мен тұрақтылығына тілектестік білдіріп, баянды болашақ үшін аянбай адал қызмет етуге сенім білдірді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<