Тәуелсіздік құрдастары жетістіктерімен бөлісті

1020

0

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай  облыстық  «Jas Otan»  Жастар қанаты «Тұғыры биік тәуелсіздік» атты талқылау отырысын ұйымдастырды. Талқылауға «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары А.Жарылқасынов қатысты. Жиында тәуелсіздік құрдастары жетістіктерімен бөлісті. Жастығына қарамастан олардың әрқайсысы өз саласының үздігі болып үлгерген. Бірі мұғалім, бірі дәрігер,  енді бірі қала тазалығы үшін еңбек етеді.

-29 жылда тегін білім алдым, тегін жұмысқа орналастым, отбасылы болып, перзент сүйіп отырмын. Тәуелсіздікпен қатар бой түзеген жастардың қандай да бір жеткен жетістігі егемендігіміздің арқасында.  Қолда бар алтынның қадірін білу, оны замандастарымызға түсіндіру және келесі бір дәуірге аманаттау және жеткізу – біздің мойнымыздағы парыз, – деді тәуелсіздіктің төл құрдасы Талғат Меңдібай.

 Сондай-ақ,  «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары А.Жарылқасынов жастардың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<